•
Шариктік мойынтіректер
Білік шумен немесе ауыр қозғала ма, соны тексеріңіз
(білікті қолмен бұраңыз). Ақауы бар шариктік
мойынтіректерді ауыстырыңыз.
Шариктік мойынтіректер ақаулы болса немесе қозғалтқыш
нашар жұмыс істесе, сорапты күрделі жөндеуден өткізу
керек. Күрделі жөндеуді Grundfos фирмасы немесе
Grundfos.рұқсат еткен қызмет көрсету орталығы орындауы
керек.
Назар аударыңыз
Ақауы бар мойынтіректер жарылғыш заттардың
жарылу мүмкіндігін арттырады.
•
Тығыздағыш сақиналар жəне ұқсас бөліктер
Қызмет көрсету/ауыстыру кезінде тығыздағыш сақиналарға
арналған ойықтардың жəне тығыздағыш беттері
ластанбағандығын тексеру қажет, тек осыдан кейін ғана
жаңа бөлшектер орнатылады. Жинау алдында тығыздағыш
сақиналарды жəне ойықтарды майлаңыз.
Ескерту
Резеңке бөліктерді қайта пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз
Жарылыстан қорғалған сораптарды рұқсат етілген
Ex орталығы жылына бір рет тексеруі керек.
10.2 Сорапты бөлшектеу
Қызмет көрсету туралы бейнелерді
Ескерту
www.grundfos.com сайтынан көріңіз.
10.2.1 Майды ауыстыру
Май камерасындағы майды 3000 сағат пайдаланудан кейін
немесе жылына бір рет төменде сипатталған əдіспен
ауыстыру қажет.
Білік тығыздағышы ауыстырылса, майды ауыстыру қажет.
Назар аударыңыз
Май камерасының тығындарын ашқан кезде
камерада қысым жиналып қалуы мүмкін екенін
ескеріңіз. Қысым толығымен жойылғанша
тығындарды ашпаңыз.
Майды төгу
1. Сорапты бір май тығынын төмен қаратып тегіс бетке
қойыңыз.
2. Май тығынының астына мөлдір пластик сияқты
материалдан жасалған жарамды ыдысты (сыйымдылығы
шамамен 1 литр) қойыңыз.
Пайдаланылған майды жергілікті ережелерге
Ескерту
сəйкес жою керек.
3. Төменгі май тығынын ашыңыз.
4. Жоғарғы май тығынын ашыңыз.
Егер сорап ұзақ уақыт бойы пайдаланылған болса, егер
май сорап тоқтатылғаннан кейін қысқа уақыттан кейін бітіп
қалса жəне егер сүт сияқты сұрғылт ақ болса, оның
құрамында су бар. Егер май құрамында 20 % көбірек су
болса, білік тығыздағышы зақымдалған жəне оны
ауыстыру керек. Егер бұл білік тығыздағышын
ауыстырмаса, қозғалтқыш зақымдалады.
Егер май мөлшері
10.4 Май көлемі
мөлшерден азырақ болса, білік тығыздағышы ақаулы.
5. Май тығындарының аралық қабаттарының беттерін
тазалаңыз.
бөлімінде көрсетілген
Май құю
1. Сорапты май құю тесіктері бір-біріне қарама-қарсы
бағытта, жоғары қарай бағытталатындай етіп бұрыңыз.
Май құю/ауаны шығару
16. сур. Май құю тесіктері
2. Май камерасына май құйыңыз.
Майдың мөлшерін
10.4 Май көлемі
3. Жаңа аралық қабаттарды пайдаланып, май тығындарын
орнатыңыз.
10.2.2 Сорап корпусы мен жұмыс доңғалағын шешу
Орын нөмірлерін
648
жəне
649
Процедура
1. Қысқышты (92 орны) босатыңыз.
2. Тығынды (92a орны) саусақтарды пайдаланып алыңыз.
3. Сорап корпусын (50-орын) салқындату қаптамасы мен
сорап корпусы арасында екі бұрауышты кіргізу арқылы
алыңыз.
4. Бұранданы (188а орны) алыңыз. Жұмыс доңғалағын
ленталық кілтпен бекітіңіз.
17. сур. Жұмыс доңғалағын шешу
5. Жиегінен ақырын ұрып, жұмыс доңғалағын (49 орны)
босатыңыз. Оны шығарып алыңыз.
6. Кілтті (9а орны) жəне жұмыс доңғалағының серіппесін
(157-орын) алыңыз.
бөлімінен қараңыз.
беттерінен қараңыз.
591