Descargar Imprimir esta página

Grundfos CRE Manual De Instrucciones página 477

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 102
3.7 Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO)
функциясы
Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO) функциясы
— бұл электр қозғалтқыштың айналуын белсенді
тежеусіз тоқтатуға мүмкіндік беретін қауіпсіздік
функциясы. Бұл EN61800-5-2 анықтамасына
сәйкес келеді.
Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO) функциясын
белсендіру және пайдалану бойынша нұсқаулар
осы орнату және пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
берілген.
Safe Torque Off
Орнату және пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтар
http://net.grundfos.com/qr/i/92916582
3.7.1 Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO)
функциясын сәйкестендіру
Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO)
функциясының нұсқасы зауыттық тақтайшада
бұйым нұсқасының нөмірінен кейін белгіленген.
Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO) функциясы
STO нұсқа нөмірі бар MGE, MLE электр
қозғалтқыштары үшін ғана қолжетімді.
Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO)
функциясының нұсқа нөмірі төменде Szz ретінде
көрсетілген, мұнда zz нұсқаны белгілейді. STO
функциясы жоқ бұйымда zz сегменті бос болады.
Айналу моментін қауіпсіз өшіру (STO) қауіпсіздік
функциясын ескі электр қозғалтқыштарға орнатуға
болмайды.
4.1 Өнімді тасымалдау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құламалы нысандар
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Тасымалдау кезінде өнімді аударып
алудан немесе төменге құлатып
алудан сақтаныңыз.
САҚТАН
Арқа жарақаты
Жеңіл немесе орташа дене жарақаты
Көтергіш құралды пайдаланыңыз.
САҚТАН
Аяқ жарақаты
Жеңіл немесе орташа дене жарақаты
Өнімді жылжыту кезінде қорғаныш
аяқ киімін киіңіз.
4.3 Өнімді көтеру
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құламалы нысандар
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Өнімнің салмағына есептелген жүк
көтеру жабдығын пайдаланыңыз.
Бүкіл бұйымды көтеру үшін көтергіш
жабдықты электр қозғалтқыштың
ілмек бұрандарына бекіту керек.
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз.
Көтеру кезінде бұйымға дейін
қауіпсіз қашықтықты сақтау керек.
Өнімге қатысты жүк көтеру
нұсқауларын орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Арқа жарақаты
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Бұйымды көтеру кезінде жүк көтеру
жабдығын пайдаланыңыз және
жергілікті ережелерді сақтаңыз..
Қолмен көтеруге немесе басқаруға
қатысты жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Сорғы мен электр қозғалтқыштың
зауыттық тақтайшаларында көрсетілген
салмақтарды қосу арқылы сорғы мен
электр қозғалтқыштың жалпы салмағын
есептеу керек.
Өнімді клемма жәшігі арқылы
көтермеңіз.
Әдетте сорғының ауырлық ортасының
электр қозғалтқышқа жақын екенін
ескеріңіз.
Көтеру нұсқаулары туралы ақпаратты
сорғыға қатысты орнату және
пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
477

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

CrieCrneSpkeMtreBms