Domyos BIKING100 Manual De Instrucciones página 52

Ocultar thumbs Ver también para BIKING100:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 15
ПАЙДАЛАНУ / ДЕНЕНІ ҰСТАУ ТӘРТІБІ
Егер жаттығуды жаңадан ғана бастап келе жатсаңыз, бірнеше күн бойы төмен жылдамдықпен жаттығудан бастаңыз, көп күш салмаңыз, қажет болса, демалып тұрыңыз.Жаттығулар санын немесе ұзақтығын
біртіндеп ұлғайтыңыз.Жаттығуларды орындаған кезде, арқаңызды бүкірейтпей, түзу ұстаңыз.Жаттығу барысында велосипед тұрған бөлмені жақсы желдетіп тұрған жөн.
Күтім жасау / Денені қыздыру:
Өзіңізді жақсы күйде сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған күтім жасау жұмысының белсенді күш салу 10 минуттан басталады, сізге күн сайын он минуттан
жаттығуға болады.Жаттығудың бұл түрі бұлшықеттеріңіз бен буындарыңызды оятуға бағытталады немесе оны дене шынықтырудың алдында денені қыздыру үшін
пайдалануға болады.Аяқтарыңыздың тонусын ұлғайту үшін қажетті қарсылық деңгейін таңдаңыз да, жаттығу қарқындылығын ұлғайтыңыз.Жаттығу барысында кез келген
уақытта педальдерді айналдыру қарсылығын өзгертіп отыра аласыз.
Салмақ түсіруге арналған аэробтық жаттығу: 35-60 минут аралығында бірқалыпты күш салу
Жаттығудың бұл түрі тиімді түрде калорияларды жоюға көмектеседі.Ең жақсы нәтижелерге жету үшін шамаңыздан шығудың қажеті жоқ, бұл үшін осы жиілік (кем дегенде
аптасына 3 рет) және жаттығу ұзақтығы (35-60 минут аралығында) жеткілікті.Жаттығуды орташа жылдамдықпен (ентігіп қалмай, қалыпты күш сала отырып) жасаңыз.
Салмақ түсіру үшін, жүйелі дене белсенділігіне қоса, теңдестірілген диетаны сақтау керек.
Төзімділікті жетілдіру: 20-40 минут бойы жаттығу
Жаттығудың осы түрі жүрек бұлшықетін нығайтуға бағытталады және тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады.Жаттығу барысында дем алуды күшейту үшін
қарсылықты және/немесе педаль айналдыру жылдамдығын ұлғайту керек.Денені жақсы күйде сақтап қалуға қарағанда, жаттығулар жүйелі болуы тиіс.Жаттыға берген
сайын, осындай жаттығуларды ұзақ, жақсы қарқынмен жасай алатын боласыз.Жаттығудың осындай түрін аптасына үш рет орындауға болады.Осыдан қарқындылау
жаттығу тек спортшыларға арналған және тиісті дайындықты қажет етеді.
Тыныштыққа оралу
Әркез жаттығудан кейін, денені тыныштық күйіне қайтару үшін, бірнеше минут төмен жылдамдықпен жүріңіз.Бұл тыныштық күйіне оралу кезеңі жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің, қан ағыны мен
бұлшықеттердің қалыпты күйге қайтарылуын қамтамасыз етеді.Бұл жиналуы бұлшықеттегі ауыртпалықтың негізгі себебі болып табылатын сүт қышқылдары сияқты қарсы әсерлерді (сіңірдің тартылуы мен дене
ауырсынуы) жоюға көмектеседі.
Созылу:
Созылу: Бұлшықеттеріңізді босатып, денеңіздің қалпына келуіне көмектесу үшін әркез жаттығудан кейін созылғаныңыз жөн.
Ыдыс тасығыш
Велосипедтің алдыңғы айырының екі жағынан велосипедшінің ыдысын тасуға арналған екі тасығыш орналастырылған.
Тежегіш қалыбын ауыстыру
Тежегіш қалыбы тозып қалуы мүмкін және ол ауыстырылатын бөлшек болып табылады.Қажет болғанда, өзіңіздің DECATHLON дүкеніңізге хабарласыңыз.
Ақаулықтар диагностикасы
• Педальдерді құрастыру мүмкін емес: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Педальдер бір бағытта бұралмайды.Сол жақ педаль сағат тілінің жүрісіне қарсы бұралады Оң жақ педаль сағат тілінің жүрісі бойынша бұралады.
2 mm MAX
• Консольдегі есептегіштер ұлғаюды көрсетпей тұр:Датчиктің орналасқан жерін тексеріңіз.Датчик пен велосипедтің алдыңғы дөңгелегінде орналасқан магниттің арасындағы қашықтық 1 не 2 мм болуы тиіс.
• Педальдердің тарсылдауы:
1. Әр педальді 2 айналымға босатыңыз.
2. Әр педальді мықтылап бұрап қойыңыз.
3. Велосипедтің тұрақтылығын тексеріп, қажет болса, түзетіңіз :(ВЕЛОСИПЕДТІ ЖАҚСАРТУ бөлімін қараңыз)
4. Шудың кеткеніне көз жеткізіңіз
Басқа ақаулықтар болған жағдайда біздің сатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімімізге хабарласыңыз.
• Дисплей ақаулығы: Батареяларды тексеріңіз, қажет болса, ауыстырыңыз.
• Консольдегі есептегіштер ұлғаюды көрсетпей тұр:Датчиктің орналасқан жерін тексеріңіз.Датчик пен
велосипедтің алдыңғы дөңгелегінде орналасқан магниттің арасындағы қашықтық 1 не 2 мм болуы
тиіс.
52

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido