3M DBI SALA ROLLGLISS R550 Manual De Instrucciones página 289

Ocultar thumbs Ver también para DBI SALA ROLLGLISS R550:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 117
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Осы алдын ала жобаланған құтқару жүйесін пайдалану алдында осы нұсқауларда берілген барлық қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз, түсініңіз және орындаңыз.
МҰНЫ ОРЫНДАМАУ ҚАТЕРЛІ ЖАРАҚАТТАНУҒА НЕМЕСЕ ӨЛІМГЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
Осы нұсқаулар осы жабдықтың пайдаланушысына берілуі керек. Осы нұсқауларды алдағы уақытта пайдалану үшін сақтаңыз.
Пайдалану мақсаты
Бұл алдын ала жобаланған құтқару жүйесі толық жеке құлаудан қорғау немесе құтқару жүйесінің бөлігі ретінде пайдалануға арналған.
Материалмен жұмыс жасау, көңіл көтерумен немесе спортпен байланысты шараларды немесе өнім нұсқауында сипатталмаған басқа әрекеттерді қоса алғанда, бірақ тек
олармен ғана шектелмей, кез келген басқа мақсатта қолдануды 3M компаниясы мақұлдамаған және бұл ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Бұл жүйені жұмыс орнында тек оқытылған пайдаланушылар ғана қолдануы керек.
!
ЕСКЕРТУ
Бұл алдын ала жобаланған құтқару жүйесі толық жеке құлаудан қорғау немесе құтқару жүйесінің бөлігі ретінде пайдалануға арналған. Пайдаланушылар барлығынан
алдын ала жобаланған құтқару жүйесін қауіпсіз орнату және пайдалану әдістерін үйреніп алуы қажет. Бұл жүйені дұрыс пайдаланбау ауыр жарақатқа немесе
жазатайым жағдайға әкелуі мүмкін. Тиісті таңдау, пайдалану, орнату, техникалық қызмет көрсету және қызмет көрсету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығын және барлық
өндіруші ұсыныстарын қараңыз, басшыңызбен кеңесіңіз немесе 3M техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Алдын алмаған жағдайда қатерлі жарақаттануға немесе жазатайым жағдайға әкелуі мүмкін алдын ала жобаланған құтқару жүйесімен жұмыс істеуге
қатысты тәуекелдерді азайту:
-
Әр қолданыс алдында және кемінде жыл сайын жүйені тексеріп тұрыңыз. Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес тексеріңіз.
Тексеру барысында құрылғыдан немесе құрылғы компонентінен қауіпті жағдай немесе ақаулық анықтаса, құрылғыны қолданыстан шығарыңыз және
-
пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес жөндеңіз немесе ауыстырыңыз.
-
Егер жүйені құлатып алған болсаңыз немесе оған соққы тиген болса, жүйеге «ЖАРАМСЫЗ» деген белгі жабыстырып, оны пайдалануды тоқтатыңыз. Жүйені
пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес тексеріп, тиісті шара қолданыңыз.
Құтқару жүйесі және сақтандыру арқаны барлық кедергілерден бос болуы керек, атап айтқанда (бірақ тек олармен ғана шектелмей) басқа жұмысшыларға, сізге
-
және айналасындағы нысандарға байланып, шырмалып қалмауы тиіс.
-
Сақтандыру арқанын жалғағанда, өндірушінің барлық нұсқауларын орындаңыз.
-
Құтқару жұмыстарын орындау кезінде, жұмыс орныңыздағы құтқару жоспары бойынша анықталған құлап кетуден қорғауға қатысты қауіпсіздік шараларын
орындаңыз.
-
Ұзақ уақыт бойы түскен кезде немесе содан кейін құрылғылардың қатты қажалатын бөліктерін ұстамауға тырысыңыз, себебі бұндай бөліктері қызып кетсе, күйіп
қалуыңыз мүмкін.
Сақтандыру арқаны өткір жиектерге немесе бұрыштарға тиюі мүмкін, сондықтан тиісті жиек қорғанысын пайдаланыңыз.
-
Төмен түсу жолында және жерге түсу аймағында тиіп кетуі мүмкін кедергілер немесе қауіптердің жоқ болғанына көз жеткізіңіз.
-
-
Әртүрлі өндірушілер жасаған компоненттерден құралған жүйелер/қосалқы жүйелер үйлесімді екенін және ANSI Z359 стандартын қоса қолданылатын
стандарттардың талаптарына, басқа қолданылатын құлаудан қорғау ережелеріне, стандарттарына немесе талаптарына сәйкес келетінін тексеріңіз. Осы
жүйелерді пайдаланудан бұрын, әрдайым өкілетті және/немесе біліктілігі бар тұлғамен кеңесіңіз.
(ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН АВТОМАТТЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР.) Тек құтқару жұмыстары үшін қолдануға арналған.
-
-
(ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН АВТОМАТТЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР.) Әрдайым пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз және пайдаланушы нұсқаулығындағы қолдануға
қатысты шектеулер тізіміне сәйкес қолдануды тоқтатыңыз.
(ТҰТҚАЛЫ ДИСКІСІ БАР R550 ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ.) Жүйе жүктемесі артқан кезде, оператор тұтқалы дискті қадағалап, басқарып тұруы керек.
-
(САҚТАНДЫРУ АРҚАНЫ ЖҮЙЕЛЕРІ.) Тек пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған және бекітілген арқанды ғана пайдаланыңыз.
-
Алдын алмаған жағдайда ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін биіктікте жұмыс істеуге қатысты тәуекелдерді азайту:
Денсаулығыңыз бен физикалық жағдайыңыз биіктікте жұмыс істеумен байланысты барлық күштерге аман-есен қарсы тұруға мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз.
-
Осы жабдықты пайдалану қабілетіңізге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
-
Құлаудан қорғау жабдығының рұқсат етілген сыйымдылық мәнінен ешқашан асырмаңыз.
-
Құлаудан қорғау жабдығының ең көп бос құлау аралығынан ешқашан асырмаңыз.
Алдын ала пайдалану немесе басқа жоспарланған тексерістерден өтпеген немесе жабдықтың жұмысыңызға пайдаланылуына немесе үйлесімділігіне күмән
-
туындаған жағдайда, құлаудан қорғау жабдығын пайдаланбаңыз. Қандай да бір сұрақтар бойынша 3M техникалық қызмет көрсету бөлімдеріне хабарласыңыз.
-
Кейбір қосалқы жүйе мен компонент бірлестіктері осы жабдықтың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Тек үйлесімді қосылымдарды пайдаланыңыз. Осы жабдықты
пайдаланушы нұсқауларында сипатталғаннан өзгеше компоненттермен немесе қосалқы жүйелермен бірге пайдаланудан бұрын 3M компаниясымен кеңесіңіз.
Жылжымалы механизм (мыс., мұнай мұнарасының жоғарғы жетегі), электрлік қауіптер, шамадан тыс температура, химиялық қауіптер, жарылғыш немесе улы
-
газдар, өткір жиектер жанында немесе сізге не құлаудан қорғау жабдығына құлап кетуі мүмкін бас үстіндегі материалдар астында жұмыс істегенде ерекше
сақтық шараларды сақтаңыз.
Қызу деңгейі жоғары орталарда жұмыс істегенде, доға жарқылы немесе термоөңдеу жүйелерін пайдаланыңыз.
-
Пайдаланушыны немесе жабдықты зақымдауы мүмкін беттер мен заттардан алыс болыңыз.
-
-
Биіктікте жұмыс істегенде құлау аралығының жеткілікті болуын тексеріңіз.
-
Құлаудан қорғау жабдығын ешқашан өзгертпеңіз немесе ауыстырмаңыз. Жабдықты жөндеу жұмыстарын тек 3M немесе 3M компаниясы жазбаша түрде рұқсат
берген өкілетті тараптар ғана орындай алады.
Құлаудан қорғау жабдығын пайдалану алдында, құлау жағдайында шараларды дереу қолдануға мүмкіндік беретін құтқару жоспары бар екеніне көз жеткізіңіз.
-
-
Егер құлау жайты орын алса, құлаған жұмысшыға дереу медициналық көмек көрсетіңіз.
-
Дене белдігін құлаудан қорғау қолдану жағдайлары үшін пайдалануға болмайды. Тек денені толығымын сақтандыру белдігін пайдаланыңыз.
-
Тербеліп құлау ықтималдығын барынша азайту үшін, мүмкіндігінше бекіту нүктесінің дәл астында жұмыс істеңіз.
Егер осы құрылғымен жаттықсаңыз, құлаудан қорғайтын қосалқы жүйе үйренушіні байқаусызда құлау қаупіне душар етпейтіндей пайдаланылуы керек.
-
Құрылғыны/жүйені орнатқанда, пайдаланғанда немесе тексергенде, әрдайым тиісті жеке қорғау жабдығын киіңіз.
-
ЛГІ №: 5908259 Н С А: A
289
KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido