3.6 тОқЫЛҒАН құтқАРУ ұСтАҒЫШЫН ОРНАтУ. Тоқылған құтқару ұстағышын құлаған адамды қауіпсіздік
мақсатында арқан немесе тоқылған сақтандыру арқанында ілінген күйде көтеру үшін пайдалануға болады.
Толығырақ мәліметті 20-суреттен қараңыз. Тоқылған құтқару ұстағышын орнату үшін:
1.
Тоқылған ұстағышты бөлшектеңіз. Алдымен тоқтатқыш істікті алыңыз. Содан кейін тоқылған ұстағыш
тұтқасын алыңыз.
2.
Тоқылған ұстағышты сақтандыру арқанында қайта құрастырыңыз. Алдымен сырғыма тіректі сақтандыру
арқанына мықтап бекітіп, тоқылған ұстағыш тұтқасын жоғары қаратып орналастырыңыз. Содан кейін тоқтатқыш
істікті қайта салыңыз. Тоқылған ұстағыштың тұтқасы жоғары қаратылған күйде орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3.
Тоқылған ұстағыштың берік орнатылғанына көз жеткізу үшін оны төмен қарай тартыңыз.
4.
R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысының ұшындағы карабиндердің біреуін құтқару кабелінің
ұстағышының тоқылған ұстағыш тұтқасына бекітіңіз. Бұл R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысын
тоқылған ұстағышқа бекітілген сақтандыру арқанын бір уақытта көтеру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
3.7 ЖИеК қОРҒАНЫСЫН ОРНАтУ. Жиек қорғанысын R550 құтқару құрылғысының сақтандыру арқанын үшкір
жиектерден немесе бұрыштардан қорғау үшін R550 құтқару құрылғысымен бірге пайдалануға болады. Толығырақ
мәліметті 21-суреттен қараңыз. Жиек қорғанысын орнату үшін:
1.A. Құрылымның дөңес жері: жиек қорғанысын құрылымның дөңес жеріне орнату кезінде, R550 құтқару
құрылғысының сақтандыру арқанын (А) жиек қорғанысына көлденең күйде жүргізіңіз. Жиек қорғанысының
карабині (В) жиек қорғанысының тікелей артындағы анкерлік бекіту нүктесіне бекітілуі керек.
1.B. Саты баспалдағы: жиек қорғанысын саты баспалдағына орнату кезінде, R550 құтқару құрылғысының
сақтандыру арқанын (А) жиек қорғанысына тігінен жүргізіңіз. Жиек қорғанысының карабині (В) жиек
қорғанысының тікелей артындағы анкерлік бекіту нүктесіне, яғни сатының өзіне бекітілуі керек.
2.
Жиек қорғанысын пайдалану кезінде сақтандыру арқанының тікелей жиек қорғанысына бағытталғанына көз
жеткізіңіз. Сақтандыру арқанын бұрыштан бағыттаған жағдайда, сақтандыру арқаны жиек қорғанысынан
ажырап кетуі мүмкін.
3.8 МИКРО-теГеРШіКті ОРНАтУ. Құлап кеткен жұмысшының сақтандыру арқанын қысымды азайта әрі жұмысшыны
құтқаруға жағдай жасай отырып қайта бағыттау үшін микро-тегершікті анкерлік белбеулермен бірге пайдалануға
болады. Толығырақ мәліметті 22-суреттен қараңыз. Микро-тегершікті орнату:
1.
Анкерлік белбеуді құрылым арқалығына 3.3 бөлімінде нұсқалғандай орнатыңыз. Карабиннің (А) тиісінше
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
2.
Микро-тегершікті (В) көлденеңінен бір рет жартылай бұрау арқылы ашыңыз. Қайта бағытталған сақтандыру
арқанын (С) микро-тегершіктен өткізіңіз.
3.
Сақтандыру арқанының (С) айналасындағы микро-тегершікті (В) жабыңыз. Микро-тегершік айналасындағы
карабинді (А) 22.3 суретінде көрсетілгендей ашып, жабыңыз.
4.0 ПАЙДАЛАНУ
4.1
ӘРБіР ПАйДАЛАНУ АЛДЫНДА: Жұмыс аймағы мен жеке құлауды тоқтату жүйесінің (PFAS) 2-бөлімде көрсетілген
барлық талаптарға сай келетінін және ресми құтқару жоспарының бар болғанын тексеріңіз. R550 құтқару жүйесі
құрылғысын Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналында () берілген Пайдаланушы2-кесте атты тексеру
тармақтары бойынша тексеріп шығыңыз. Егер тексеру барысында қауіпті немесе ақаулы жағдай анықталса, жүйені
пайдаланбаңыз. Жүйені қолданыстан шығарып, жойыңыз немесе ауыстыру не жөндеу мәселелері бойынша 3M
компаниясына хабарласыңыз.
4.2
құтқАРУ ЖүйеСіН қОЛДАНУ ЖАҒДАйЛАРЫ. R550 құтқару жүйесі құрылғысын төмендегі әдістерге сәйкес
құтқару жүйесін қолдану жағдайлары үшін пайдалануға болады.
;
Сақтандыру белдігін осы жабдықпен пайдалануға болмайды. Сақтандыру белдіктері тұтас денеңізді ұстап
тұра алмайды, нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
;
Осы жабдық пайдаланушыларының физикалық күйі жақсы болуы керек. Пайдаланушы жерге түскенде епті болуы керек.
;
Төмен түсу жылдамдығын басқару үшін сақтандыру арқанын ұстаған кезде әрдайым қолғап киіңіз.
АПАттЫқ ЖеРДеН БіРеУДіҢ КӨМеГіНСіЗ ЖАЛҒЫЗ КетУ. R550 құтқару жүйесі арқылы біреудің көмегінсіз
төмен түсу процедуралары төмендегідей:
1.
толық сақтандыру белдігін немесе басқа да денеге арналған тіректі жалғаңыз (14-сурет).
Пайдаланушы толық сақтандыру белдігін немесе басқа да тірек құралдарын R550 құтқару жүйесі құрылғысымен
бірге пайдалануы керек. Сақтандыру белдігін осы құрылғымен пайдалануға болмайды. Толық сақтандыру
белдігін пайдалану кезінде сақтандыру арқанындағы ілмек-карабинді кеудеге арналған (А) немесе арқаға
арналған жартылай сақинаға (В) жалғаңыз. Жартылай сақинаның пайдаланушыны жоғары қаратып
ұстайтындай етіп орналасқанына көз жеткізіңіз. Қосымша ақпаратты толық сақтандыру белдігі өндірушісінің
нұсқаулығынан қараңыз.
2.
Сақтандыру арқанын төмен түсу үшін дайындау. Төмен түсу алдында сақтандыру арқанының пайдаланушы
мен R550 құтқару жүйесі арасындағы бөлімі босап тұрмайтындай етіп қатайтылуы керек. Арқанды пайдаланушы
мен R550 құтқару жүйесі арасында бос орын қалмайтындай етіп бос ұшынан тартып қатайтыңыз. Сақтандыру
арқаны қатайтылған соң, төмен түсу процесі басталғанша бос ұшын мықтап ұстап тұрыңыз.
қауіпсіз жерге түсу. Төмен түсу процесін бастау үшін сақтандыру арқанының бос ұшын босатыңыз. Төмен
3.
түсу жылдамдығы R550 құтқару жүйесі центрден тепкіш тежегіші арқылы 1-кестеде («R550 құтқару жүйесі —
төмен түсу бойынша талаптар») сипатталған деңгейге автоматты түрде реттеледі. Төмен түсу процесін төмендегі
әдістер арқылы баяулатуға, кідіртуге немесе алдын алуға болады (16-суретті қараңыз):
298