Сақтық Шаралары - Evolution ES3 Serie Instrucciones De Uso

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 26
Қарсы көрсетілім
Бұл құралдар бөліктерін орнату үшін керіп тұрып отырғызатын немесе тоқтату
винттерінің бұрандасын жұлып алуға қолданатын омыртқа бекіту жүйесін алып
тастауға қолдануға болмайды.
Сақтық шаралары
Құралдар зарарсыздандырмаған күйде жеткізіледі. Әрбір қолданар алдында
тазалаңыз және зарарсыздандырыңыз.
Бейтарап pH көрсеткіштері бар тазартқыштарды қолдануға кеңес беріледі.
Қолданбастан бұрын осы құралдарды қолданудан зақым келуі мүмкін болған
жүйке тамырларын, тамырларды және/немесе ағзаларды қорғауды ойластыру
керек.
Қайта өңдеуге шектеулер
Бірнеше рет қайда өңдеудің қол құралдарына аз ғана әсері бар. Қызмет ету
мерзімінің соңы оларды қолдану барысындағы тозуымен және зақымдалумен
анықталады.
Қолдану орны
Артық ағза сұйықтары мен тінді бір реттік сулықпен сүртіп алыңыз.
Құралдарды тазалаудың алдында құрғап қалуына жол бермеу керек.
Оқшаулау / Тасымалдау
Ластанған және биологиялық қауіпті материалдармен жұмыс жасағанда
аурухананың хаттамасының талаптарын сақтаңыз. Пайдаланғаннан кейінгі
құрғап қалудың, зақымның және дақтың пайда болуының алдын алу үшін, құрал
30 минут ішінде тазалануы тиіс.
Қолмен тазалау үрдісі
1. Өндірушінің нұсқауларына сәйкес протеолитикалық фермент ерітіндісін
дайындаңыз.
2. Құралдарды толығымен ферментті ерітіндіге батырыңыз және ауа
көпіршіктерін шығару үшін оларды абайлап шайқаңыз. Құралдардың
байланысқан жерлерін немесе қимылдайтын бөліктерін қимылдатыңыз
ерітіндімен толық жанасқанына көз жеткізу үшін. Ойықтардан, көрінбейтін
саңылаулардан және канюлациялардан ауа көпіршіктерін жою және құралдың
барлық бетінің ерітіндімен толық жанасуына көз жеткізу шприцпен жуылуы
керек.
3. Құралдарды кем дегенде 10 минут ерітіндіде ұстаңыз. Ерітіндінің ішінде
кезінде, құралдың беттерін нейлон талшықтарынан жасалған щеткамын
көрініп тұрған кірлер кеткенге дейін жуыңыз. Қозғалатын механизмдерді
қимылдатыңыз. Әсіресе ойықтарға, біріккен бөліктерге, қорап құлыптарына,
құрал тістеріне, бүдір беттеріне және де қозғалатын бөліктері бар жерлер
мен пружиналарға назар аударыңыз. Ойықтарды, көрінбейтін саңылауларды,
және канюлаларды абайлап дөңгелек нейлон қылшықты щеткамен тазалануы
керек. Дөңгелек нейлон қылшықты щетканы қуысқа, көрінбейтін ойыққа,
немесе канюла ішіне айналдыра отырып салыңыз және бірнеше рет кіргізіп
шығарыңыз.
Ескерту: Аэрозольді ластаушы ерітінділердің әсерін азайту үшін
барлық жуу үрдісі ферментті ерітіндінің бетінің астына салу керек.
4. Құралдарды фермент ерітіндіден шығарыңыз және кем дегенде бір (1)
минуттай ағынды суға шайыңыз. Шайып жатқан кезде барлық қозғалатын
және біріккен бөліктерді қимылдатыңыз. Ойықтарды, саңылауларды,
канюлаларды және басқа қол жетпейтін жерлерді мұқият және батырып тұрып
жуыңыз.
– 218 –

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Es4 serie

Tabla de contenido