5. Өндірушінің кеңесіне сәйкес детергент және де-газбен ультра дыбыстық
тазалау ваннасын дайындаңыз дайындаңыз. Құралдарды толығымен тазалау
ерітіндісіне батырыңыз және қалып кетке ауа көпіршіктерін жою үшін
оларды ақырындап шайқаңыз. Ойықтардан, көрінбейтін саңылаулардан және
канюлациялардан ауа көпіршіктерін жою және құралдың барлық беттерінің
ерітіндімен толық жанасуына көз жеткізу үшін шприцпен жуылуы керек.
Құралдарды құрал өндірушісі көрсеткен уақытты, температурада мен жиілікте
және детергент қолдануға тиімді ультра дыбыспен тазалаңыз. Ең аз дегенде
он (10) минут тазалаңыз.
Ескертулер:
• Электролиздің алдын алу үшін тот баспайтын құралдарды басқа
металдардан ажыратыңыз ультра дыбыстық тазалау барысында.
• Ілгекті құралдарды толығымен ашыңыз.
• Ультра-дыбыстық тазалағыштарға арналған сым тор себетін немесе
науаны пайдаланыңыз.
• Ультра дыбыстық тазалаудың көрсеткішін тұрақты түрде ультра
дыбыстық детектор, алюминий фольга тесті құралдарымен бақылап
отыруда TOSI™ немесе SonoCheck™ қолдануға кеңес беріледі.
6. Құралдарды ультра дыбыстық ваннадан алыңыз және жууға арналған заттың
немесе биологиялық кірдің белгісі қалмағанша кем дегенде бір (1) минут
бойы дистилденген сумен сайыңыз. Шайып жатқан кезде барлық қозғалатын
және байланысқан бөліктерін қимылдатыңыз. Ойықтарды, саңылауларды,
канюлаларды және басқа қол жетпейтін жерлерді мұқият және батырып тұрып
жуыңыз.
7. Таза, сіңіргіш, төгілмейтін түксіз шүберекпен құралдарды құрғатыңыз.
Таза, сүзгіден өткізілген сығылған ауа ойықтардағы, саңылаулардағы,
канюлалардағы және қол жетпейтін жерлердегі ылғалдылықты жою үшін
қолданылуы мүмкін.
Автоматты тазалау үрдісі
Бұл құралдар үшін автоматты түрде тазалауға арналған тексеру жұмыстары
жүргізілген жоқ. Тиісті жауапты адамға немесе аурухана хаттамасына басшылық
жасауды сұраймыз.
Дезинфекция
Дезинфекция тек қайта қолданылатын хирургиялық құралдар үшін
толық зарарсыздандыруға қосымша ретінде ғана қабылданады. Төменде
зарарсыздандыру бөлімін қараңыз.
Тексеру/ Қызметін тексеру
1. Барлық көзге көрінетін қан мен кір жойылғанына көз жеткізу үшін әр
құрылғыны мұқият тексеріңіз.
2. Зақымдануды және / немесе тозуды көзбен тексеріңіз.
3. Қозғалатын бөліктердің (мысалы, ілмектер мен қораптардың құлыптарын)
қозғалысының белгіленген ауқымы бойынша бір қалыпты жұмыс істеуін
тексеріңіз.
4. Ұзын жұқа бөліктері бар құралдардың (әсіресе айналатын құралдардың)
деформациясын тексеріңіз.
5. Егер құралдар үлкен құрылғының бөлігі болатын болса, онда олардың
құрамдас бөліктермен жинаудың жеңілдігін тексеріңіз.
– 219 –