7.2 Сақиналық тіректегі бөлек тұрған батырылған
орнату
Бөлек тұратын суға батырып орнатуға арналған сораптар
шұңқырдың түбінде бөлек тұра алады. Сорапты сақиналық
тірекке орнату керек.
4
суретін қараңыз.
Сақиналық тіректі керек-жарақ ретінде сатып алуға болады.
Сорапқа техникалық қызмет көрсету процесін жеңілдету үшін,
оңай бөлу үшін қысымды құбырдағы бүгілген жерге иілгіш
жалғастырғышты немесе муфтаны орнатыңыз.
Егер шланг пайдаланылса, шланг майыспайтынын жəне
шлангтың ішкі диаметрі сораптың шығыс тесігінің диаметріне
сəйкес екенін тексеріңіз.
Қатты құбыр пайдаланылса, сорапта көрген ретпен
жалғастырғышты немесе муфтаны, кері клапанды жəне
оқшаулау клапанын орнатыңыз.
Егер сорап лай суды айдау үшін немесе тегіс емес жерде
орнатылса, сораптың астыңғы жағына кірпіштерден немесе
оған ұқсас материалдардан тірек жасау керек.
Келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. Сораптың шығыс тесігіне 90 °С иілген құбырды орнатыңыз
жəне шығыс құбырды/шлангты жалғаңыз.
2. Тасымалдау тұтқасына бекітілген шынжыр арқылы
сорапты айдалатын сұйықтыққа салыңыз. Сорапты берік,
тегіс негізге орнату ұсынылады. Сорап кабельге емес,
шынжырға ілініп тұрғанын тексеріңіз. Сораптың берік
тұрғандығына көзіңізді жеткізіңіз.
3. Шынжырды шұңқыр үстіндегі арнайы ілгекке іліңіз.
Шынжырдың сорап корпусына тимеуін қадағалаңыз.
4. Пайдалану кезінде кабель зақымдалмауы үшін түсіретін
құрылғыға бұрау арқылы қозғалтқышы кабелінің
ұзындығын реттеңіз. Жүктемені түсіру фитингін
шұңқырдың жоғарғы жағындағы қолайлы ілгекке бекітіңіз.
Кабель қатты майыспағанын немесе қысылып қалмағанын
тексеріңіз.
5. Қозғалтқыш кабелін жалғаңыз.
Кабельдің бос ұшын суға түсіруге тыйым
салынған, себебі мұндай жағдайда су кабель
Ескерту
арқылы қозғалтқышқа өтіп кетуі мүмкін.
4. сур. Сақиналық табандағы бөлек тұрған суға
батырылған сорап
7.3 Құрғақ орнату
Құрғақ орнатылғанда сорапты шұңқырдың сыртында тұрақты
түрде орнату керек.
Қозғалтқыш толығымен жабылған жəне су өткізбейді.
Сондықтан, орнатылған жерді су басып кеткен жағдайда ол
зақымдалмайды.
Сақтық шаралары
•
Егер сорап шұңқырдың сыртында орнатылса, сорап
шұңқырындағы сұйықтық деңгейі NPSH (сорғының сору
жағындағы тиімді оң қысым) критикалық мəнінен төмен
болмайтын жағдайларды қамтамасыз ету қажет.
•
Сору құбыры өлшемі ұзындығына жəне сораптың қажетті
өнімділігіне сəйкес таңдалуы тиіс. Шұңқыр деңгейі мен
сорап кірісінің арасындағы ықтимал айырмашылықты да
ескеру керек.
•
Құбырларды сорапқа керіліс немесе басқа механикалық
əсерлер бармайтындай тіреңіз. Сызықтық кеңеюді
компенсациялайтын түтіктер мен құбыр ілгіштер орнату
ұсынылады.
5
суретін қараңыз.
5. сур. Кронштейндерге көлденеңінен құрғақ орнату
Орын
Сипаттама
1
Сызықтық кеңею компенсаторы
2
Кері клапан
3
Оқшаулау клапаны
4
Құбыр ілгіш
•
Сору құбыры мен сорап арасында редуктор орнатылса,
ол эксцентрик түрінде болуы керек. Редукторды сору
құбырында ауа болмауы үшін түзу жиек жоғары
қарайтындай орнату керек. Сору құбырында ауаның
жиналуы қуыстардың пайда болуына əкелуі
мүмкін.
5
суретін қараңыз.
•
Сорапты бөлек табанға орнатыңыз, мысалы, бетон
іргетасқа. Іргестастың салмағы сорап салмағынан
шамамен 1,5 есе көп болуы керек. Сораптан ғимаратқа
жəне құбырларға дірілдің берілуін болдырмау үшін
сорапты дірілді басатын материалға орнату ұсынылады.
4
3
2
1
785