10.1 Тексеру
Қалыпты режимде жұмыс істейтін сораптарда əр 3000 жұмыс
сағатынан кейін немесе кемінде жылына бір рет тексеру
керек. Егер айдалатын сұйықтық өте лайлы болса немесе
құмды болса, сорапты жиірек тексеру қажет.
Датчигі бар сораптар сораптағы білік тығыздағышының күйі,
мойынтірек температурасы, оқшаулау кедергісі жəне
қозғалтқыштағы ылғал сияқты негізгі құрамдастарды тұрақты
бақылау мүмкіндігін ұсынады.
Мыналарды тексеру қажет:
•
Қуатты тұтыну
Сораптағы зауыттық тақтайшаны қараңыз.
•
Май деңгейі жəне майдың күйі
Егер бұл жаңа сорап немесе білік тығыздағышы
ауыстырылғаннан кейін орнатылған сорап болса, бір апта
пайдаланылғаннан кейін май деңгейін тексеру қажет.
Егер май камерасында артық сұйықтық (су) 20 % асқан
болса, білік тығыздағышы зақымдалған. Майды ауыстыру
3000 сағат пайдаланудан кейін немесе жылына бір рет
орындалуы тиіс.
Shell Ondina 919 майын немесе соған ұқсас түрді
пайдаланыңыз.
10.2.1 Майды ауыстыру
бөлімін қараңыз.
•
Кабельдің кірісі
кабель кірісі герметикалық (қарап тексеру) екенін жəне
кабель қатты майыспағанын жəне/немесе қысылып
қалмағанын тексеріңіз.
•
Сорап бөліктері
Жұмыс доңғалағында, сорап корпусында, т.б.
тозу белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз. Ақауы бар
бөлшектерді ауыстырыңыз.
10.2.2 Сорап корпусы мен жұмыс доңғалағын шешу
бөлімін қараңыз.
•
Шариктік мойынтіректер
Біліктің дыбыссыз қозғалысын тексеріңіз (оны қолмен
бұраңыз). Ақауы бар шариктік мойынтіректерді
ауыстырыңыз.
Шариктік мойынтіректер ақаулы болса немесе қозғалтқыш
нашар жұмыс істесе, сорапты күрделі жөндеуден өткізу
керек. Күрделі жөндеуді Grundfos фирмасы немесе
Grundfos.рұқсат еткен қызмет көрсету орталығы орындауы
керек.
Назар аударыңыз
Ақауы бар мойынтіректер жарылғыш заттардың
жарылу мүмкіндігін арттырады.
•
Тығыздағыш сақиналар жəне ұқсас бөліктер
Қызмет көрсету/ауыстыру кезінде тығыздағыш
сақиналардың ойықтары, сонымен бірге, тығыздағыш
беттері жаңа бөліктер орнатылмай тұрып тазалануы керек.
Пайдаланылған резеңке бөлшектерді міндетті
Ескерту
түрде жаңасымен ауыстыру қажет.
Назар аударыңыз
Жарылыстан қорғалған сораптарды рұқсат етілген
Ex орталығы жылына бір рет тексеруі керек.
796
10.2 Сорапты бөлшектеу
10.2.1 Майды ауыстыру
Май камерасындағы майды 3000 сағат пайдаланудан кейін
немесе жылына бір рет төменде сипатталған əдіспен
ауыстыру қажет.
Сондай-ақ, майды білік тығыздағышын ауыстырған сайын
ауыстыру қажет.
Назар аударыңыз
Май камерасының ирек оймалы тығынын ашқан
кезде камерада артық қысымның болу мүмкіндігін
ескеріңіз. Қысым толығымен жойылғанша ирек
оймалы тығынды толығымен ашпаңыз.
Майды төгу
1. Май камерасының ирек оймалы тығындарының бірі төмен
жақта орналасатындай етіп сорапты көлденең тегіс бетке
қойыңыз.
2. Төгілетін майды жинау үшін сораптың астына таза ыдыс
қойыңыз (сыйымдылығы шамамен 1 литр).
Пайдаланылған майды жинап алып, жергілікті
Ескерту
нормалар мен ережелерге сəйкес жойыңыз.
3. Төменгі ирек оймалы тығынды ашыңыз.
4. Жоғарғы ирек оймалы тығынды ашыңыз.
Егер сорап ұзақ уақыт бойы пайдаланылған болса, егер
май сорап тоқтатылғаннан кейін қысқа уақыттан кейін бітіп
қалса жəне егер сүт сияқты сұрғылт ақ болса, оның
құрамында су бар. Егер май құрамында 20 % көбірек су
болса, білік тығыздағышы зақымдалған жəне оны
ауыстыру керек. Егер бұл білік тығыздағышын
ауыстырмаса, қозғалтқыш зақымдалады.
Егер майдың мөлшері
10.4 Май көлемі
көрсетілген мөлшерден азырақ болса, білік тығыздағышы
ақаулы.
5. Ирек оймалы май тығындарының аралық қабаттарының
астын тазалау керек.
Май құю
1. Сорапты майға арналған саңылаулар бір-біріне қарама-
қарсы бағытта жоғары қарай бағытталатындай етіп
бұрыңыз.
Май құю/ауаны шығару
18. сур. Май құю тесіктері
2. Май камерасына май құйыңыз.
Майдың мөлшерін
10.4 Май көлемі
3. Жаңа тығыздағыш аралық қабаттарын пайдаланып, май
тығындарын орнатыңыз.
бөлімінде
бөлімінен қараңыз.