Descargar Imprimir esta página

Braun MultiGrill 9 Pro Manual De Instrucciones página 339

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 67
аласыз.
Гриль/кәуап күйін әр түрлі қалыңдықтағы ет
бөлшектерінің әрбіреуін қалаған пісіру деңгейінде
қақтау үшін пайдалануға болады. Бұл режимде
тамақ пісірген кезде, тамақты аударып тұру керек.
Сонымен қатар, бұл құрылғыны таңғы ас үшін
құймақтар, жұмыртқалар, сыр, фриттер, бекон
және шұжықшалар пісіруге арналған таба/кәуап
құралы етінде де пайдалануға болады (7-суретті
көріңіз).
Кең тамақ пісіру беті әр түрлі тағамның бірнешеуін
немесе бір түрлі тағамның бірнешеуін бір уақытта
пісіруге мүмкіндік береді.
Жабық пештегі гриль
Бұл күй (8-суретті қараңыз) баяу және біркелкі
қақталуы керек қалың тағамдарды тигізбей
пісіруге ыңғайлы.
Бұл құрамында суы көп көкөністерді дайындауға
өте қолайлы, себебі ол суды буландырып
жібереді.
Осы ыстық таба күйін жұмсақ сэндвичтер мен
қысуды қажет етпейтін тағамдарды дайындау
үшін пайдалануға да болады.
-
Тамақты төменгі табаға қойыңыз.
-
Тұтқадан ұстап тұрып, жоғарғы табаны
тамаққа жақын орналастырыңыз (A суреті).
-
Гриль табаларын бекіту/босату тұтқасын және
биіктікті реттеу тұтқасын (4) жылжыту арқылы
пеште қалаған күйге орналастырыңыз.
-
Жоғарғы таба орнына бекітіледі. Биіктікті
реттеудің 5 күйі бар (В суреті).
ПАЙДАЛАНУ
MANUAL (Қол) режимі
Құрылғы дұрыс дайындалғанда және тамақ
пісіруге дайын болғаныңызда, температураны
әрбір гриль табасы (жоғарғы және төменгі) үшін
60°C-тан 240°C-қа дейін бөлек орната аласыз (9
және 16 термостат тетіктерімен).
Start/stop (Бастау/тоқтату) түймесін басыңыз, ON
(Қосулы) шамы жанады.
Орнатылған температураға қарай бұл құрылғы
біраз уақыт ішінде қызады. Термостат қажетті
температураға жеткен кезде, құрылғы 3 рет
дыбысты сигнал шығарып, пайдалануға дайын
болады.
Дисплейде "READY" (Дайын) хабары
пайда болады.
Пісіру кезінде температураны кез келген уақытта
өзгертуге болады.
ТАЙМЕР функциясы
Дисплейде "READY" (Дайын) жазуы пайда болған
кезде, пісіру күйін таңдап ("Пісіру күйі" бөлімін
көріңіз), тамақты табаларға қойыңыз. Пісіру
уақытын таймер/температура датчигінің түймесін
басу арқылы таңдауға болады (14және 15); пісіру
уақытының соңында "END" (Аяқталды) жазуы
көрінеді, құрылғыдан 5 рет дыбысты сигнал
шығады, бірақ құрылғы қосулы күйде қалады.
Тамақ піскен кезде, start/stop (бастау/тоқтату)
339

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Cg 9167Cg 9160