Descargar Imprimir esta página

Braun MultiGrill 9 Pro Manual De Instrucciones página 356

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 67
Асшаяндарын жуып, жақсылап кептіріңіз де,
кемінде жарты сағат бұқтырып қойыңыз. Гриль
табасын енгізіп, пісіру тетігін CONTACT GRILL
(Тигізбе гриль) режиміне орнатыңыз. Төменгі
термостат тетігін 210°C-қа, жоғарғы тетікті 210°C-
қа реттеңіз. Гриль табасын алдын ала қыздыру
үшін START/STOP түймесін басыңыз.
READY (Дайын) хабары көрінген кезде, кептірілген
асшаяндарды төменгі табаға салып, оларды
жоғарғы табамен қысыңыз да, 4-6 минут бойы
пісіріңіз. Дастарханға қою алдында табаны лимон
тіліктерімен және жасыл салатпен сәндеңіз.
ЙОГУРТ
ТҰЗДЫҒЫ
ҚАҚТАЛҒАН АЛБЫРТ БАЛЫҚ (ЛОСОСЬ)
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
-
500 г албырт балық сүбесі
-
талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы
ТҰЗДЫҚ ИНГРЕДИЕНТТЕРІ:
-
250 г грек йогурты
-
1 түйір сарымсақ
-
1 шәй қасық ас тұзы
-
1 шымшым қант
-
20 шалғын жуа
-
20 г ақжелкен
-
талғамға сай мөлшердегі ақ бұрыш
ДАЙЫНДАУ:
Тұздықты дайындау: ақжелкен мен шалғын
жуаны мұқият жуып-кептіріңіз де, сарымсақты
бөлек тураңыз.
Йогуртты блендер ыдысына құйып, шөптерді,
сарымсақты, тұзды, қантты және бұрышты қосып,
біркелкі крем болғанша тартыңыз. Тоңазытқышқа
салыңыз және кемінде 30 мин. қойып қойыңыз.
Қатпарлы табаны енгізіп, пісіру тетігін OVEN GRILL
(Жабық пештегі гриль) режиміне орнатыңыз.
Төменгі термостат тетігін 240°C-қа, жоғарғы тетікті
240°C-қа реттеңіз.
Гриль табасын алдын ала қыздыру үшін START/
STOP түймесін басыңыз.
READY (Дайын) хабары көрінген кезде, алдын
ала май жағылған сүбені төменгі табаға қойып,
жоғарғы табаны OVEN GRILL (Жабық пештегі
гриль)
режиміне
(тамаққа тигізбей, бірақ барынша жақын күйге
орналастырыңыз) және шамамен 25-30 минут
пісіріңіз (ең жақсы нәтиже алу үшін пісіру
БАР
қойып,
пешті
жабыңыз
барысында албырт балықты 180°-қа, табаның
тағамға жақын жерін ауыстырып салу үшін
шамамен жартылай бұрыңыз).
Піскен кезде албырт балық табаққа салынып,
йогурт тұздығымен беріледі.
ОТҚА ҚАҚТАЛҒАН СЕГІЗАЯҚ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
-
400 г ірі кальмар
-
1 лимон
-
1 тал ақжелкен
-
талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы
-
талғамға сай мөлшердегі орегано
ОТҚА
-
талғамға сай мөлшердегі тұз
-
талғамға сай мөлшердегі чили қызыл бұрышы
ДАЙЫНДАУ:
Кальмарды ішек-қарынын, басын және сүйегін
алып тастап, мұқият жуу арқылы дайындаңыз.
Гриль табасын енгізіп, пісіру тетігін CONTACT
GRILL (Тигізбе гриль) режиміне орнатыңыз.
Төменгі термостат тетігін 210°C-қа, жоғарғы
тетікті 210°C-қа реттеңіз. Гриль табасын алдын
ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз.
READY (Дайын) хабары көрінген кезде, алдын
ала майланған кальмарды төменгі табаға салып,
оны жоғарғы табамен қысыңыз да, 10-12 минут
бойы пісіріңіз. Блендер ыдысында сұйық майды
туралған ақжелкенмен, лимон шырынымен, бір
шымшым ореганомен, бір шымшым тұзбен және
бір шымшым қызыл бұрышпен араластырып,
дәмдеуіш дайындаңыз.
Кальмар піскен кезде, оны гриль табасынан алып,
тұздықпен дәмдеңіз. Осының бәрін сәндеп қосып,
үстелге ұсыныңыз.
356

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Cg 9167Cg 9160